Алматыда мүгедек жігіттің медбикелерге тиіскен сәті видеоға түсіп қалды

видеодан үзінді

Алматыда № 4 ?алалы? клиникалы? ауруханасыны? мамандары нау?асты? медбикелерге тиіскен с?ті т?сірілген видеоны жариялады, болжаммен Марат Т?рымбетов медбикелерге тиіскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайы?, осы?ан дейін ол ?ауіпсіздік ?ызметінен тая? жегені туралы айтып, ?леуметтік желіде ша?ымдан?ан болатын. 

Алматыда № 4 қалалық клиникалық ауруханасының мамандары науқастың медбикелерге тиіскен сәті түсірілген видеоны жариялады, болжаммен Марат Тұрымбетов медбикелерге тиіскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейін ол қауіпсіздік қызметінен таяқ жегені туралы айтып, әлеуметтік желіде шағымданған болатын. 

Видеода оқиғаның 30 қаңтардан 4 ақпанға дейін болғаны айтылады, № 4 аурухананың мамандары ұсынған видеода науқас медбикелерге қол жұмсап, олардың интим жерлерін ұстап, сүйіп алуды көздейді. 

Медбике жазған шағымдарының бірінде осы әрекеттердің гемодиализ процедурасы кезінде болғанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Өзін әдепсіз ұстайды, қатты айғайлайды, қызметкерлерге ұрысады, бөлімнің тыныштығын бұзады, ән айтып, қол жұмсайды, кей кездері сексуалдық сипаттағы әрекетке дейін барады. Процедура кезінде қолыңнан сипап, дене мүшеңнің төменгі жағына қол тигізеді. Ескертулерді елемейді, шағымданамын деп қорқытады немесе жазуға себеп іздеп жүреді. Сол себепті мен жұмыстан кеттім", - деп жазған медбике бас дәрігерге жұмыстан шыққан түсіндіру кезінде. 

Тағы бір қызметтік хатта 2017 жылы 4 ақпанда аурухана қызметкерлері бас дәрігерден шара қолдануды сұрайды. Науқастың әрекеттері қауіпсіздік қызметіне жеткізілгені айтылады. Медбикелерге науқастың әрекеттерін телефонның камерасына түсіріп алу ұсынылған. Бас дәрігер қызметтік тексеріс жүргізілгеннен кейін осы істі құқық қорғау органдарына жіберілуін тапсырған.  

Еске салайық, осыған дейін Марат Тұрымбетов Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханасының қауіпсіздік қызметі қол жқмсағаны туралы шағымданған болатын. Оқиға туралы ол Facebook желісінде жазған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама