Алматыда өз атасы мен әжесін айуандықпен өлтірген ер адам сотталды

© belive.ru

Алматыда ?зіні? атасы мен ?жесін ?лтірген 26 жаста?ы жігітке сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ?аласыны? ауданаралы? мамандырыл?ан сотында Алматы облысыны? Е?бекші?аза? ауданыны? Есік ?аласыны? т?р?ыны Анвар Маметбакиев ?ара?шылы? жаса?аны ж?не екі адамды ?лтіргені ?шін 20 жыл?а бас бостанды?ынан айырылды. Ол жазасын ?ата? режимдегі колонияда ?тейді.

Алматыда өзінің атасы мен әжесін өлтірген 26 жастағы жігітке сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласының ауданаралық мамандырылған сотында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласының тұрғыны Анвар Маметбакиев қарақшылық жасағаны және екі адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Адам өлтіру қылмысы 14 сәуірде болған. Қылмыстық істің материалдары бойынша, жігіт өзінің атасының үйіне қарақшылық шабуыл жасауды қылмыстың алдында жоспарлаған. Атасының көп мөлшерде қаражаты болуы мүмкін деген оймен ол туыстарының үйіне балғамен қаруланып келген. Атасы есікті ашып, үйге кіргізген, осыдан кейін ол атасынан бар ақшасын беруді талап еткен. Атасы ешқандай ақша бермейтінін айтқан кезде Маметбакиев атасының басынан балғамен бірнеше рет соққы жасаған. Осыдан кейін ол әжесі ұйықтап жатқан бөлмеге кіріп, оның да басынан бірнеше рет балғамен соққы жасаған. Алған жарақатынан 77 жастағы ер адам мен 75 жастағы әйелі қайтыс болған.

Жігіттің қолды қылғаны 70 мың теңге мен 320 мың теңгелік зергерлік бұйымдар болған.

Реклама
Реклама

Сот отырысында Маметбакиев өз кінәсін жартылай мойындады. Ол қаражаттың қарыздарынан құтылу үшін керек болғанын айтты. Сараптама қорытындысы бойынша, жігіттің ешқандай психикалық ауытқулары жоқ, қылмыс жасаған кезде ақыл-есі дұрыс болған.

6 қыркүйекте сот үкімі заңды күшіне енді. Апелляциялық жоғарғы сатыда Маметбакиевке жазаны жеңілдетутуралы өтініш өзгеріссіз қалдырылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама