Алматыда полицейдің көзінше төбелескендердің ісі тергеліп жатыр

Видео кадры

Алматыда полицейді? к?зінше т?белескендерді? ісі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД-ні? ресми ?кілі Салтанат ?зірбекке сілтеме жасап. 

Алматыда полицейдің көзінше төбелескендердің ісі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, таяуда әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы таралған еді. Оның кадрларынан екі ер адамның қиылыста тұрып, төбелескені көрсетілген. Бір қызығы, жол реттеуші инспектор сол маңда тұрған. Алайда ер адамдар оған мән бермейді де. 

Қалалық ІІД өкілдерінің мәліметінше, бұл дерек бойынша ешкімнен арыз түспеген. Ал сол маңда болған полицейдің әрекетіне баға беріледі екен.

Реклама
Реклама

"Полицейдің әрекеті дерегі бойынша қызметтік тексеріс басталды. Баға беріледі. Оның жол қозғалысын реттеп тұрғаны көрініп тұр. Ол жақта қозғалыс қауырт. Көліктер соғысып қалуы да мүмкін. Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Видеодағы адамдар анықталып жатыр, медициналық мекемелердің мәліметтері тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек. 

Еске салайық, бұл оқиға "Алтын орда" базарының маңында болған. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама