Алматыда прокуратура басқармасының басшысы ұсталды

Алматыда ?алалы? прокуратура бас?армасыны? басшысы Виктор Тихонов уа?ытша ?стау изоляторына ?амалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қалалық прокуратура басқармасының басшысы Виктор Тихонов уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокуратураның Тергеу департаменті Алматы қаласының Наурызбай аудандық ІІБ тергеушісі Е.Әнуарбек пен прокуратура қызметкері В.Тихоновқа ҚР Қылмыстық кодексінің 413-бабы бойынша ("Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату") қылмыстық іс қозғады", - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеуді ҚР Бас прокуратурасының жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама


© КТК. 2015 жыл 27 мамыр

"Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату дерегі бойынша осыған дейін бірнеше рет сотты болған екі ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура лауазымдық қылмысқа қатысты бар деген күдікпен Е.Әнуарбек пен В.Тихоновты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа мәлімет жарияланбайды", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама