Алматыда қарақшылар зейнеттегі кейуананы үтікпен қинап, ақша талап еткен

Иллюстрациялық сурет © НГС

Алматы полициясы Алатау ауданында т?ратын зейнеткер ?жейді? ?йіне жасал?ан ?ара?шылы? шабуылды тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы полициясы Алатау ауданында тұратын зейнеткер әжейдің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бірнеше апта бұрын түнде төрт ер адам зейнеткердің үйіне басып кірген. Олар егде адамды байлап қойып, ақша талап еткен. Оқиға салдарынан 68 жастағы кейуана ауруханада жатыр. Қаскөйлердің оны үтікпен қинағаны белгілі болды. 

Қарақшылар екі жүз мың теңге мен алтын бұйымдарды қолды еткен көрінеді. 

Реклама
Реклама

Алматы ІІД өкілдері қарақшылықтың болғанын растады. "15 қарашада бұл дерек Алатау ауданының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 192-бабының 2 тармағы "Қарақшылық" бойынша тіркелді. Жедел топ құрылып, қылмыстың бетін ашу бойынша шаралар жүріп жатыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Істің басқа мән-жайы айтылмады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама