Алматыда қарызға алған көлігін қайта сататын алаяқ ұсталды

©СТВ

Алматыда автокөлікті құнын бөліп төлеймін деп сатып алып, кейін оны басқа біреуге қайта сататын алаяқ ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телеарнасына сілтеме жасап.1989 жылы туған жігітті полицейлер Бостандық ауданында қолға түсірді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында әрекет еткен. Сатуға қойылған автокөліктерді тауып, қожайынына оның құнын бөліп төлеуге ұсыныс айтатын болған. Алғашқы жарна ретінде мың долларды ұстатып, машинаны алып кетеді де, жалған құжаттар жасап, көлікті келесі біреуге сатып жіберуді дағдыға айналдырған. Полицейлер көлік қожайындарын осылай сазға отырғызудың төрт эпизодын дәлелдеді. Бірақ алаяқ бір қылмысын ғана мойындап отыр. Қазір Алматыда алаяққа алданғандар іздестіріліп жатыр.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама