Алматыда сауда орталығындағы ломбардқа жасалған қарақшылық шабуыл: Күдікті ұсталды

Алматыда сауда орталығындағы ломбардқа жасалған қарақшылық шабуыл: Күдікті ұсталды

Алматыда желто?санны? со?ында сауда орталы?ында?ы ломбард?а жасал?ан ?ара?шылы? шабуылды? м?н-жайы белгілі болды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бостанды? ауданды? ІІБ басшысы Д?урен ?тебаев айтып берді.

Алматыда желтоқсанның соңында сауда орталығындағы ломбардқа жасалған қарақшылық шабуылдың мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бостандық аудандық ІІБ басшысы Дәурен Өтебаев айтып берді.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен жұмыссыз жүрген 1986 жылғы ер адамның ұсталғаны хабарланды.

"Алғашқы тергеу шаралары барысында ер адам ломбардқа шабуыл жасауды жоспарлағанын және сол ломбардқа осыған дейін бірнеше рет алтын бұйымдарды өткізіп жүргенін мойындады. Қазіргі уақытта ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді, ал біраз ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Күдікті ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Бостандық аудандық ІІБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 11-де медициналық бетперде киген белгісіз ер адам Алматыдағы "Орбита" ықшамауданында орналасқан ломбардтан алтын бұйымдар, макбук және құны 7 миллион теңге болатын ұялы телефон алып кеткен болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама