Алматыда сел жүргеннен кейін Жапонияның азаматы тоналды

© Владимир Прокопенко

Алматыдағы Наурызбай ауданында 23 шілдеде болған сел кезінде Жапония тұрғынын тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жапония азаматы Yoshihiro Suzuki арызы сотқа дейінгі бірыңғай реестрде 188-бап ("Бөтеннің мүлкін ұрлау") бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашу үшін Наурызбай ауданы ІІБ, сонымен қатар Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасы өкілдерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Қазір полицейлер айғақтар іздеп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілерді ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіледі", - деп жазылған ІІД хабарламасында.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин оқиға орнында тонаушылықтың болғанын растады. "Тұрғындардың, куәгерлердің айтқаны бойынша анықталып, бірнеше адам ұсталды. Оларға қатысты процессуалдық шара қолданылады", - деді Ильин.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама