Алматыда шетелдік студент бірге пәтер жалдап тұрған жігіттерді пышақтаған

Алматыда шетелдік студент бірге п?тер жалдап т?рып жат?ан жігіттерге пыша? салып, оларды? жеке м?лкін иемденіп ал?ан. Н?тижесінде екі адам аурухана?а жеткізілген. Ал 4-курс студенті ?сталды. Б?л туралы ?Р ІІМ ресми ?кілі Алмас С?дубаев брифинг барысында м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда шетелдік студент бірге пәтер жалдап тұрып жатқан жігіттерге пышақ салып, олардың жеке мүлкін иемденіп алған. Нәтижесінде екі адам ауруханаға жеткізілген. Ал 4-курс студенті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ІІМ ресми өкілі брифинг кезінде БҚО ІІД қызметкерлерінің кәсіпкердің үйінен 17 миллион теңге тонап кеткен ер адамның ұстағанын және Алматы қалалық ІІД полицейлерінің үйден 700 мың теңге, 3 АҚШ доллар мен алтын бұйымдарды тонап кеткен жергілікті тұрғынды ұстағанын хабарлады.

Мұнымен қоса, Алмас Сәдубаев Астанада 6 маусымда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтып өтті. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта астаналық полицейлер оқушы қызды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Қыздың таныстары мен достарынан жауап алынып жатыр", - деді Сәдубаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама