Алматыда судья алған парасын қайтарып жатқан жерінен ұсталды

Камила Долаева Журналист
Алматыда судья алған парасын қайтарып жатқан жерінен ұсталды Сурет: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы Наурызбай ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды КТК.

Алматы қаласы Наурызбай ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды КТК.

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы соттың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Наурызбай аудандық соты судьясының пара алу фактісінің жолын кесті. Наурызбай ауданының судьясы 1,9 мың доллар мен 100 мың теңгені қайтармақ болған сәтте ұсталған.

Осы ақша үшін ол метрополитен тармағының құрылысы үшін иесінің пайдасына 97 млн теңге көлемінде өтемақы сомасын анықтаумен жер учаскесін алып қою туралы азаматтық іс бойынша мәселені шешуге уәде берген. 25 қазанда қылмыстық қудалаудан босатылған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама