Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

видеодан үзінді

Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Бостандық ауданының судьясымен пара алу фактісінің жолын кесті.

Судья азаматтық іс бойынша шешімді кейінге қалдырғаны үшін бұрын алған 3 мың АҚШ доллары көлемінде параны сенім берілген тұлға арқылы қайтару кезінде әшкереленген.

Реклама
Реклама

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама