Алматыда түнгі клубтарда қолдан жасалған Jameson вискиі сатылған

© Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі

Алматы ?аласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіні? ?ызметкерлері "К?ле?келі экономикамен" к?рес акциясы аясында Jameson вискиін бас?а арзан алкоголь ?німдерімен араластырып жаса?ан астыртын цехті аны?тады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Көлеңкелі экономикамен" күрес акциясы аясында Jameson вискиін басқа арзан алкоголь өнімдерімен араластырып жасаған астыртын цехті анықтады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында цехтегі Қытайдан әкелінде делінген бөтелкелер, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.

"Алкоголь өнімдері Алматыдағы түнгі клубтарға, барларға төменге бағамен жасалып отырған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігі бойынша ("Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану") қылмыстық із қозғалды", - деп хабарлады қалалық МКД өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдың басынан бері Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан 17 деректі тіркеді. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерінің 462 мыңнан аса бөтелкесі, құны 90 миллион теңге болатын 366 мың темекі қорабы тәркіленген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама