Алматыда түнгі клубтың күзетшілерімен жанжалдасқан адам қаза болды

© s13.ru

Алматыда түнгі клубтың екі күзетшісі мекемеге қонаққа келген адамдардың біріне зақым келтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мекеменің қауіпсіздік қызметі мен ер адамның арасындағы қақтығыс 9 сәуірде болыпты. 

"Бұл мекеменің екі күзетшісі қонаққа дене жарақатын салды. Жабық бассүйек-ми жарақатынан ер адам қаза болды. Қазіргі уақытта бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, іс Алматы аудандық ІІБ тергеу бөлімінде тергеліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 1985 жылғы ер адамның осыған дейін достарымен бірге клубта болғаны белгілі", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Сот күзетшілердің біріне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағаны белгілі. Екінші күдікті босатылған. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама