Алматыда Универсиада билеттерін саудалап жүрген алыпсатарлар ұсталды

© Vesti.kz

Алматыда ?тіп жат?ан 28-ші ?ыс?ы Универсиада ойындарына билеттерді алып, кейін ?ымбат?а сатып ж?рген бес алыпсатарлар ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? ішкі істер департаментіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. ?стал?андарды? барлы?ы полиция б?лімшелеріне жеткізілген. 

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарына билеттерді алып, кейін қымбатқа сатып жүрген бес алыпсатарлар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандардың барлығы полиция бөлімшелеріне жеткізілген. 

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, полицейлер алыпсатарларды спорттық нысандардың алдында ұстаған, яғни "Халық Арена", Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплин кешені.

"Төртеуін ұстап, Бостандық ауданына қарасты ІІБ полиция бөлімшесіне жеткізді. Олардың қолында шамамен 80-ге жуық билет болған. Тағы бір ер адам "Халық Арена" алдынан 42 билетпен ұсталды. Ол Медеу аудандық полиция бөлімшесміне жеткізілді. Осыдан ары қарай іс материалдары Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіледі, олар осы мәселе бойынша нақты бір процессуалдық шешім шығаратын болады. Алдын ала, оларға қатысты іс "заңсыз кәсіпкерлік" бабымен жүргізіледі", - деді Салтанат Әзірбек. 

Реклама
Реклама

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан қолдан билет алмауды сұрайды. "Тұрғындар мен қонақтарды тек ресми жарыс дереккөздерінен, кассалардан, онлайн кассалардан билет алуға шақырамыз. Қолдан алынған билеттер жалған болуы мүмкін", - деді Алматы ІІД-нің өкілі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама