Алматыда ұрланған 15 автоайнасы бар саудагер ұсталды

Алматыда ұрланған 15 автоайнасы бар саудагер ұсталды

"Жібек жолы" базарында рейд кезінде ұрланған 15 автоайна сатып тұрған саудагер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

ІІД өкілдері ұрланған көлік айналарын сатумен айналысқан ер адам туралы айтып берді.

"Ол жігіт Алматы облысының тұрғыны. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған", - деп хабарлады полициядағылар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, базарда Қазақстан бойынша іздеуде жүрген 4 адам және елімізде заңсыз жүрген 20 өзбекстандық, өзі қолданатын есірткі жасаушы ұсталған.

Еске салайық, кеше полицейлердің "Жібек Жолы" базарын тексеріп жатқаны хабарланған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама