Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан стриптиз-клубтың иесі ұсталды

© Алматы ІІД баспасөз қызметі

Же?гетайлы?пен айналыс?ан стриптиз-клубты? иесі мен ?ш ?кімші ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жеңгетайлықпен айналысқан стриптиз-клубтың иесі мен үш әкімші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мамандарының мәлімдеуінше, клубтың қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу үшін алматылық ҰҚКБ қызметкерлері бірқатар шұғыл және арнайы іс-шараларды қолға алған.

"Мекеменің иесі мен әкімшілері күдікке ілінді, олар алдын ала келісіп, оңай олжа табу мақсатында клубқа келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ақшалай сыйақы негізінде ұсынып отырған. Бұл схема мұқият ойластырылған, әр фигуранттың рөлі тиісінше бөлінген. Мысалы, өздері атағандай, қызметкер қызбен бір түнді өткізуді олар 300 долларға бағалаған. Егер клиентке лайықты апартаменттер қажет болса, ақының көлемі де соншалықты өсіп отырған. Өткен түні күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Біз барған кезде клубтағы "жұмыс орындарында" жеңіл жүрістегі 22 қыз болды, олардың үшеуі Ресейдікі, тағы екеуі Өзбекстандыкі", - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Реклама
Реклама

Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 309 бабы 2 бөлімі бойынша тергеледі - жеңгетайлық. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргіліп жатыр.

Суреттерді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі жолдады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама