Алматыдағы атыс: Оқиға орнының видеосы жарияланды

Оқиға орны. Куәгерлер жіберген сурет

Алматыдағы атыстың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрдан арнайы бөлімше сарбаздарының қылмыскерлердің көлігін қалай қоршап алғанын көруге болады. Daewoo Damas маркалы көліктің есіктері ашық тұр, көлікті құқық қорғау органдарының қызметтік көлігі қоршауға алды. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда болған атыстың мән-жайының анықталғаны туралы хабарлаған едік. Алматы полицейлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде қарақшылық шабуылдың жолы кесілді. Тергеу мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысының екі тумасы кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасамақшы болған. Олардың жолын полицейлердің көлігі жапты, алайда олар полицейлерге қарсылық танытып, оқ жаудыра бастады. 

 

"Операция барысында қылмыскерлердің біріне оқ тиіп, қаза болды. Ал екіншісі ұсталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", - дейді ІІД мамандары. 

Айта кетейік, қарақшылардың көлігінен карабин, револьвер мен травматикалық тапанша табылды. Қару-жарақ сараптамаға жіберілді. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрге ҚР ҚК 24-бабы 3 бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама