Алматыдағы балалар үйіндегі сұмдық: Зорлықшыға қатысты сот үкімі шықты

Алматы ?алалы? ?ылмысты? істер ж?ніндегі мамандандырыл?ан ауданаралы? сотында №1 балалар ?йіндегі сексуалды? зорлы? дерегі бойынша сот ?кімі о?ылды. Балалар ?йіні? 19 жаста?ы т?легі Серік Асылбеков кін?лі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №1 балалар үйіндегі сексуалдық зорлық дерегі бойынша сот үкімі оқылды. Балалар үйінің 19 жастағы түлегі Серік Асылбеков кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша Асылбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол педагогикалық қызметтерді атқарудан өмір бойына шектелді.

Үкімді судья Айтгүл Арғымбаева оқыды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырғандықтан, сотқа алқа билерді тарту қарастырылған, бірақ Асылбековтың қорғаушылары бұдан бас тартты.

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйіндегі дау БАҚ-тарда 13 жастағы баланың осы мекеменің түлегінен бірнеше мәрте зорланғанын мәлімдегені жайлы ақапараттар жарияланғаннан кейін шыққан болатын.

Бастапқыда балалар үйінің басшылығы кәмелетке толмаған баланың мәлімдемесін "ойдан шығарған" деп мәлімдеген. Ал кейін Білім басқармасындағылар бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргенін, оның қорытындысы бойынша сексуалдық тиісу оқиғасының расталмағанын хабарлаған.

Алайда бұдан кейін 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кейінірек мекеме директоры қызметінен кетті. Ал тергеу барысында сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тағы бір бала мен қыздың зорланғаны дәлелденген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама