Алматыдағы сұлулық салонында болған ұрлық видеоға түсіп қалды

Камила Долаева Журналист
Алматыдағы сұлулық салонында болған ұрлық видеоға түсіп қалды Видеодан алынған сурет

Алматы ІІД қаладағы сұлулық салондарының бірінде ұрлық жасаған қызға қатысты істі тергеуді бастады. Ұрлыққа қатысты күдікті әйелдің әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Гоголь және Шагабутдинов көшелерінің қиылысында орналасқан салонда зардап шегушіге маникюр жасап жатқан. Сөмкесі оның артындағы диванда жатқан. Күдікті диванға отырып, ыңғайлы сәтті пайдаланып, сөмкеден ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Видео @kris_p_almaty парақшасында жарияланды. 

Жарнама
Жарнама

"Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөліміне түскен арыз бойынша, ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктінің кім екені анықталды. Қалада оның басқа да ұрлық қылмыстары болуы мүмкін. Бұған дейін ол осы қылмыс түрі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама