"Алматы-1" станциясында майнинг фермасы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Көліктегі полиция заңсыз майнинг фермасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция заңсыз майнинг фермасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-1" станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол төсемі аумағынан майнинг жұмыстарына жабдықталған бөлмені анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев айтты.

Оның айтуынша, көлік полицейлері криптовалюталарды өндіруге арналған 130 қорап майнинг техникасын, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектерін тауып, тәркілеген.

Реклама
Реклама

"Факт бойынша соталды тергеу басталды, қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция генерал-майоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама