13 қаңтар 2022 17:16

Алматы-1 вокзалында мародерлердің бірі ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық сурет

Көлік полицясы Алматы мен Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде нысандарды тонаған 22 жастағы тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік полицясы Алматы мен Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде нысандарды тонаған 22 жастағы тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қаңтарда Алматы-1 вокзалында Алматы қаласы мен Алматы облысында болған тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған заттар тәркіленген Қарағанды ​​облысының 22 жастағы тумасы анықталып, ұсталды.

"Тінту кезінде ұсталған азаматтан түрлі тауарлар, қымбат иіссу, күннен қорғайтын көзілдірік, сағат, күртеше, косметика және гаджеттер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жоғарыда аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді", - деді басқарма басшысы Оңал Бекиев.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдай кезінде еліміздің теміржол және әуе көлігі нысандарынан ішкі істер органдарына 1367 адам жеткізілді, оның ішінде 22 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес 6 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне барлығы 31 қылмыс тіркелді.

"Азаматтардан полиция жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Көліктегі ПД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері көлік нысандарындағы тәртіпті және әуежайлар мен вокзалдарда жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды", - деді басқарма басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram