"Алматы-Ақтау" рейсінің жолаушысын тонады деген күдікпен Украина азаматы ұсталды

"Алматы-Ақтау" рейсінің жолаушысын тонады деген күдікпен Украина азаматы ұсталды © guide.travel.ru

Көліктегі полицейлер "Алматы-Ақтау" рейсінің жолаушысын тонаған Украина азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 03.30-да Ақтау станциясының желілік ішкі істер бөлімінің кезекшісіне 39 жастағы жолаушы барып, "Алматы-Ақтау" бағытындағы рейспен Ақтаудың халықаралық әуежайына келгенде 610 мың теңгесінің ұрланғанын айтқан.

Арыз түскеннен кейін бірден шұғыл-іздестіру шарасын қолға алған көліктегі полицейлер қылмыстың ізін суытпай ұрлықшының кім екенін анықтап, оны қолға түсірді. Жолаушының қомақты қаржысын қолды қылған адамның Украинаның 29 жастағы азаматы екені белгілі болды. Ол да сол рейспен ұшып бара жатқан.

Реклама
Реклама

"Оны тінту барысында ұрланған 610 мың теңге ноутбук сөмкесінен табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, көліктегі полицейлер ұялы телефонды бөтен адамдарға беруге, оларға сенуге, бағалы заттарды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама