ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2022 | 15:17
Алматы әуежайында жарықты сөндірген адамға қатысты істің мән-жайы айтылды
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайының ұшу-қону жолағындағы жарықты өшірген Н. есімді азаматтың үстінен "Терроризм актісі" бабы бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін Алматы әуежайына жасалған шабуыл туралы хабарлаған болатынбыз, осы жерде кейбір қылмыскерлердің ролін түсіндіргім келеді. 5 қаңтарда Н. бір топ адаммен Алматы әуежайының ұшу-қону жолағындағы жарықты өшірді. Н. осы әрекетімен стратегиялық нысанның қызметін тоқтатты, нәтижесінде жолаушылар мінген ұшақ көтеріле алмай, 10 сағаттан астам қуатсыз ұшу-қону жолағында тұруға мәжбүр болды", - деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, бұл уақытта қарулы топ Алматы әуежайы ғимаратында қарақшылық шабуылдар жасаған.
"Н-ның әрекеті Қылмыстық кодекстің 255-бабы "Терроризм актісі" бойынша сараланған. Оның әрекетке қатысқаны жиналған айғақтармен расталған. Әрбір ұсталған адам бойынша қылмысқа қатыстылығы туралы жеткілікті ақпарат бар", - деп түсіндірді Қилымжанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также