26 шілде 2022 | 09:56

Алматы әуежайында төбелес болды: полицей әуеге оқ атты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы әуежайында төбелес шығып, соңында полиция қызметкерлері ескерту оғын атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында төбелес шығып, соңында полиция қызметкерлері ескерту оғын атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында үш ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол жерде оқ атылғаны туралы да айтылған.

Реклама
Реклама

Алматы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полицияға көлік тұрағында төбелес шыққаны туралы хабар түскен. Онда үш мас ер адам төбелесіп жатқаны белгілі болған.

"Олар полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Төбелеске қатысқандардың бірі - бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді ер адам шыны сыра бөтелкесін сындырып, полиция қызметкеріне қарай жүгірген. Қылмыстың жолын кесу үшін тәртіп сақшысы табельдік қаруынан әуеге оқ атып, ескерту жасады. Нәтижесінде, төбелескендер ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі бұрын тонау және біреудің мүлкін ұрлау бойынша сотталған. Айыпталушылардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сараланған. Олар УҰИ-ға қамалды", - деді полиция өкілдері.

Осы факт бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, қызметтік қаруды қолдану бойынша тексеру жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная