25 сәуір 2019 | 14:27

Алматы әуежайының экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Айбол Бекмұхамбетов. © facebook.com\airport.almaty

Алматы әуежайының экс-президенті әрі бұрынғы мәслихат депутаты Айбол Бекмұхамбетов сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайының экс-президенті әрі бұрынғы мәслихат депутаты Айбол Бекмұхамбетов сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол 2019 жылы 6 сәуірде екі айға үй қамауына алынған. 15 сәуірде Бекмұхамбетов қамауға алу түріндегі үкімге келіспей, Алматы қаласының сотына шағымданды, осылайша оның бұлтартпау шарасы қамауға алудан кепілдікпен босатуға өзгертілген.

Реклама
Реклама

"Бекмұхамбетовке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті соттағылар.

2018 жылы 16 тамызда "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ экс-президенті Айбол Бекмұхамбетовтің депутат өкілеттігінен бас тартқаны хабарлаған. Бұған себеп деп оның басқа қалаға ауысуы мүмкін екені де айтылған еді. Мәслихаттың сол сессиясына Айбол Бекмұхамбетовтің өзі қатысқан жоқ. 

2018 жылы 11 маусымда "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ директорлар кеңесі Айбол Бекмұхамбетовтің өз еркімен жұмыстан кету туралы арызына байланысты мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған. 

Айбол Бекмұхамбетов Алматы әуежайын 2009 жылдан бері басқарып келген. Ол 1962 жылы 1 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген, Ақтөбе жоғары азаматтық авиация ұшу училищесін бітірген, техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1983 жылы ұшқыш-нұсқаушы лауазымынан бастады, әр жылдары "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ, "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ, "Астана халықаралық әуежайы"АҚ басшысы болды. "Құрмет" (2002 жыл), "Достық" (2007 жыл), "Парасат" (2011 жыл) ордендерінің иегері. Азаматтық авиацияның еңбек сіңірген қызметкері (2007 жыл).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная