27 қыркүйек 2021 | 11:29

Алматы ауруханасында жанжал шығарған ер адам видеоға түсірілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматы ауруханаларының бірінде мас ер адамның іс әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы ауруханаларының бірінде мас ер адамның іс әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда аурухананың қабылдау бөліміне кіре берісте денесі ер адамның полиция формасындағы адамға дөрекі сөйлегені көрсетілген. Ол өзін "ҰҚК лейтенанты" және "Алмалы ауданының бөлім бастығы", ал әкесі "ҰҚК генерал-лейтенанты" деп таныстырады.

Әрі қарай, түрлі боқтық сөздер айтып мекеме ғимаратына кіреді. Осыдан кейін ол есікті сындырып, қайтадан көшеге шығады.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметі бойынша, оқиға кеше түнде, яғни, 27 қыркүйек сағат 01.00 шамасында ер адам  қалалық жедел жәрдем ауруханасында мас күйінде төбелес шығарған.

"Алмалы ауданының полиция бөлімі бұл азаматты ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартты", - деп хабарлады Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі.

Полиция бұл азаматтың ҰҚК қызметкері еместігін анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная