ПОДЕЛИТЬСЯ
15 сәуір 2020 | 21:31
Алматы блокбекетінде әкімдік қызметкерлері ұсталды
Антикоррупция қызметі Алматы әкімдігінің қызметкерлері блокбекетте ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандар адамдарды облыс аумағына өткізу үшін пара алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Антикоррупция қызметі Алматы әкімдігінің қызметкерлері блокбекетте ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандар адамдарды облыс аумағына өткізу үшін пара алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұның алдында әлеуметтік желілерде "Водник" ықшамауданындағы №11 блокбекетінің маңында мемқызметшілер ұсталды деген ақпарат тараған. Ұсталғандар Жетісу әкімдігінің қызметкерлері Қуаныш Әденов (кәсіпкерлік бөлімі) және Сұлтан Оразбеков (мемлекеттік құқықтық бөлім) екені айтылған. Олар Алматы облысы территориясына өткізгені үшін 60 мың теңге пара алды деген хабар тараған.
"Бұл адамдар екі апта бұрын бақылауға алынған. Олар ақша алып жатқан жерінде қылмыс үстінде ұсталды", - делінген хабарламада.
Антикоррупция қызметі Жетісу ауданы әкімі аппаратының екі бас маманына қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
"Олар төтенше жағдай кезінде және жарияланған карантин режимінде, Жетісу ауданындағы блокбекетте кезекшілік барысында Алматыға кіру мен шығу үшін тұрғындардан бірнеше мәрте пара алған деген күдікке ілінді. Сот күдіктілерді қамауға алу туралы санкция шығарды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Алматы бойынша Антикоррупция қызметі қалалық Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторына қатысты қылмыстық іс тергеп жатыр, күдікті "Фильтр" ішкі блокбекетте қызмет атқару барысында кедергісіз кіргізу және әкімшілік жауапқа тартпау үшін пара алған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также