ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2020 | 13:28
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі ұсталды
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы прокуратурасымен бірлесіп, Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын жемқорлық ісі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары құжатқа жалған мәліметтер енгізгені үшін мердігерлік ұйым өкілінен 500 мың теңге параны банктік шотқа аудару арқылы алу деректері бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Аудан әкімі мен оның орынбасары Алматы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Әкімдіктің мәдениет бөлімінің басшысы ұсталған жоқ, себебі күдікті кінәсін мойындап, қорғаушысымен бірге шақыртуға келу туралы міндеттеме берді", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Күдіктілердің кінәлілік дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.
Показать комментарии
Читайте также