08 сәуір 2022 | 16:30

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Биылғы жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қ. Қапаров ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, А.Қ. Қапаров бірнеше рет оқу орталықтарының өкілдерінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстан өткені туралы сертификаттарға кедергісіз және жедел қол қойғаны үшін 150 000 теңгеге дейін пара алған.

Реклама
Реклама

"Оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп толықтырды ведомство.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная