Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған. Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан "Марлин" және Tikka мылтықтары табылған.

Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланғаны белгілі болды. Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.

Реклама
Реклама

2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама