ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2022 | 18:04
Алматы маңында шопан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойманы тауып алды
Алматы маңында шопан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойманы тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы маңында шопан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойманы тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері оқ өткізбейтін кеудеше, дулыға, травматикалық тапанша мен ондаған оқ-дәрі тәркілеген.
"Бөлімшеге У. есімді азамат хабарласты және "Дархан" ықшамауданындағы сайда мал бағып жүргенде қару-жарақ тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы дулыға, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан мүйіз, 7,62 миллиметр калибрлі 20 оқ-дәрі, "Беретта" травматикалық тапаншасы, таяқтар, "Макаров" тапаншасының 19 оқ-дәрі және белгісіз травматикалық тапанша тәркілеген", - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Тәркіленген заттар қайдан алынғаны тексеру барысында анықталады. Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также