ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2022 | 17:16
Алматы, Мәскеу және Дубайдағы жылжымайтын мүліктер: Мемлекетке 600 миллиард теңге қайтарылды
Биыл 600 миллиард теңгеден аса заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттар мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл 600 миллиард теңгеден аса заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттар мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.
Жарияланған видеоға қарағанда, мүліктің негізгі бөлігі Алматыда орналасқан, онда бес бизнес орталығы, үш сауда орталығы және екі ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылған.
Сондай-ақ, Мәскеудегі бес пәтер, Дубайдағы екі вилла, Стамбулдағы пәтер және Франциядағы Антиб курорт қалашығындағы үй мемлекет меншігіне қайтарылған.
Одан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 миллард теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылған.
Антикор өкілдері Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған актив мектеп құрылысына жұмсалатынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также