ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 10:48
Алматы метросында жолаушыларды жөтелмен қорқытқан пранкер ұсталды
Алматыдағы метрода жолаушыларға өтірік жөтеліп қалжыңдаған 23 жастағы пранкер ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы метрода жолаушыларға өтірік жөтеліп қалжыңдаған 23 жастағы пранкер ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұзақылық дерегі әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ?INSTA_PRIKOLY? - НЕ ГРУСТИ!✌ (@insta_prikoly) 13 Мар 2020 в 3:25 PDT
"Қазір онсыз да қиын жағдай кезінде азамат Х-ның әрекеттері күпірлік саналады. Хайп үшін бұл жігіт барлық моральдық-этикалық нормаға түкірді, сол үшін оны полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.
Сот процесінің алдында пранкер тұрғындардан кешірім сұрады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также