23 қаңтар 2022 | 19:43

Алматы метросында қолында тапаншасы бар жігіттер төбелес шығарған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

21 қаңтарда Райымбек батыр метро бекетінде төбелес шыққан. Куәгерлер болған оқиғаны суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

21 қаңтарда Райымбек батыр метро бекетінде төбелес шыққан. Куәгерлер болған оқиғаны суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде төбелестің суреттері тарады. Оқиғаға қатысқандардың бірі қолына тапанша ұстап, қоқан-лоқы жасаған. Куәгердің айтуынша, екі жігіт үш оқушыны еш себепсіз ұрған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиға салдарынан 20 жастағы жігіт зардап шеккенін мәлімдеді. Ол ауруханаға түскен.

Реклама
Реклама

"Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыластарына қауіп төндірген тапанша тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, қолдарында газды тапанша болған. Қаруға сот сараптамасы тағайындалды. Тексеру шараларының қорытындысы бойынша айыпталушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная