ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2018 | 17:17
Алматы облыстық ТЖД басшысы үй қамауына алынды
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттағылардың мәліметінше, 19 қазанда Талдықорғанның тергеу соты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысын 2 айға үй қамауына алу туралы санкция шығарды.
Еске сала кетейік, осыған дейін облыстық ТЖД басшысының пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. "Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деген еді осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.
Показать комментарии
Читайте также