24 мамыр 2023 09:43

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омароваға үкім шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу облысының соты Алматы облысында пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған бір топ білім қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының соты Алматы облысында пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған бір топ білім қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (Пара алу), 367-бабының 4-бөлігі (Пара беру), 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық), 371-бабының 2-бөлігі (Немқұрайдылық) бойынша айып тағылған.

Реклама
Реклама

2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адаммен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекетке барған.

"Ол бақылауындағы үлестес фирмалармен оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырған. Сотталушылар бюджет қаражатын жымқыру мақсатында осы ноутбуктерге контрафактілік үлгідегі заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатқан, яғни қаржы жұмсамай, оларды интернет арқылы жүктеп алған. Салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде 122 996 086 теңге шығын келтірілген", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың екеуі, оның ішінде Омарова да кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360606/thumb_m/photo_122924.jpeg"
    "title" => "Алматы облысында құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жылқыны шығарып алды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-oblyisyinda-kutkarushyilar-kudyikka-tusp-ketken-360606/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360581/thumb_m/photo_122898.jpeg"
    "title" => "Алматы маңында 3 жасар қыздың жоғалып кетуі: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-manyinda-3-jasar-kyizdyin-jogalyip-ketu-zdeu-360581/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360281/thumb_m/photo_122564.jpeg"
    "title" => "Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-almatyi-oblyisyinyin-akmn-kabyildadyi-360281/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360190/thumb_m/photo_122462.jpeg"
    "title" => "Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-oblyisyinda-janturshgerlk-jol-apatyinan-br-360190/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360150/thumb_m/photo_122420.jpg"
    "title" => "Алматы маңындағы тойда болған атыс: ұстау операциясы көрсетілді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-manyindagyi-toyda-bolgan-atyis-ustau-operatsiyasyi-360150/amp/"
  ]
]