Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 833
comments icon 0
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары мен Қапшағай ТЖ бөлімінің бастығы казино иесінен пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары мен Қапшағай ТЖ бөлімінің бастығы казино иесінен пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереленді. Олар алдын ала сөз байласу арқылы казино иесінен 1000 АҚШ доллары сомасында қамқорлық үшін пара алды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабы бойынша, тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жарияланбайтыны айтылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жансая Қадыржанова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная