Алматы облысы тұрғыны заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған

Видео кадры/ҚМА

Алматы облысында тұрғын заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында тұрғын заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері тиісті рұқсат құжатынсыз бірнеше ойын мекемесінде "үстел-рулеткаларды" заңсыз орнату дерегін анықтаған.

"Ойынға арналған залдар Алматы облысы аумағында орналасқан, тек ойын автоматтары қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген. Алайда мекеме ұйымдастырушылары кіріс алу мақсатында, крупье жұмыс істейтін "рулеткаларды" пайдаланған, бұл - "Ойын бизнесі туралы" Заңды бұзу, өйткені ойын үстелінде ойыншының қатысуына тек казинода рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама