26 шілде 2022 14:30

Алматы облысында 10 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tengrinews.kz

Алматыда 10 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысты айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Наурызбай аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 10 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысты айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Наурызбай аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Әңгіме сонау 2012 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында болған қылмыс туралы. Төбелес кезінде ер адам қарсыласының өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет пышақ салған. Дерек бойынша полицейлер соталды тергеу амалдарын бастаған. Алайда кейін іс тоқтатылған.

"Полиция күдікті адам бола тұра, жауапқа тартатын тұлғаның анықталмауына байланысты қылмыстық істі негізсіз тоқтатты. Осылайша,  қылмыскер жауапкершіліктен босаған. Тек Наурызбай ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана қылмыстық іс қозғалды. Алматыда 2012 жылы басталған қылмыстық іске қатысты заңды қорытынды шықты", - деді прокурорлар.

Реклама
Реклама

Қадағалау органының нұсқауымен іс қайта қозғалды. Осылайша, бірқатар тергеу амалы жүргізіліп, күдіктіге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылған. Ол қамауға алынды. Кейін прокурорлар істі сотқа жіберген.

"2022 жылдың наурызында сот айыпталушыға қатысты айыптау үкімін шығарды. Ол адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл мамырда апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, прокурорлар қылмыскерді жауапкершіліктен босатуға жол берген полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдарды ПД ішкі қауіпсіздік бөліміне жолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram