13 шілде 2022 | 15:47

Алматы облысында 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Фото: elements.envato.com

Алматы облысындағы білім мекемелерінде 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы білім мекемелерінде 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмысқа тұрғаны анықталды. Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атын пайдалану арқылы жасалған", - делінген хабарламада.

Көрiнеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

"41 маманға қатысты қылмыстық іс кінәларын мойындауына байланысты және "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына орай өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратура өкілдері 81 маманға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная