ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2023 | 15:37
Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тергеліп жатыр
Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы 29 наурызда НеМолчи.kz қоры жариялады. Қорға Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының жұртшылығы жүгінген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жантүршігерлік оқиға биыл 23 наурызында жергілікті мектепте болған.
"Бір апта бұрын мектепте жантүршігерлік оқиға болды: бесінші сыныптың екі оқушысы бастауыш мектептің екінші сыныбында оқитын баланы зорлаған. Оның үстіне кәмелетке толмағандардың бірі 8-сынып оқушысы өзіне солай істегенін алға тартады. Мектепте ойға келмейтін оқиғалар болып жатыр, ол облыстық білім басқармасына бірнеше рет жазылған. Бірақ бұл жағдай мүлде шектен шықты. Бұл жолы да бәрін ештеңе болмағандай жаба салады деп қорқамыз", - дейді ауыл тұрғындары.
Белсенділер құзырлы органдардан мән-жайды анықтап, зорлық-зомбылық дерегі расталса, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды арнайы мектеп-интернатқа жіберуді, ал олардың ата-аналарын Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша жауапқа тартуды сұрады.
Облыстық прокуратура бұл жағдайға ден қойған. 30 наурызда Жамбыл облысының прокуроры Дархан Жылангозев ауыл мектебінде шұғыл жиын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімінің өкілі, білім мекемесінің директоры да қатысқан.
"23 наурызда 2, 5 және 8-сынып оқушылары арасындағы оқиға дерегі бойынша бір мезгілде акт залында оқушылардың ата-аналарымен (20-30 адам) жиналыс өтті. Прокуратура, әкімдік және полиция өкілдері аталған мәселе бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы түсіндірме берді.
Сондай-ақ, жәбірленушінің анасымен бөлек әңгіме жүргізілді. Аудан прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін, яғни білім бөліміне таныстыруды енгізді", - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.
Өз кезегінде облыстық білім басқармасы қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Оқушылар және ата-аналармен әңгіме болды. Оқиға орнында министрлік, облыстық білім басқармасы өкілдері мен психологтардан құралған топ жұмыс істеп жатыр. Бұл дерек ЕАК-ке тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также