09 қазан 2020 | 10:03

Алматы облысында 7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды

Видеодан алынған кадр

Алматы облысында 7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс аумағында ірі мөлшерде этил спиртін өткізу мақсатында рұқсат құжаттарсыз сақтау дерегін анықтады.

Реклама
Реклама

"Осылайша тексеріс барысында спиртті сақтайтын және сататын цех табылды. Спирттің ерекше исі бар түссіз сұйықтықпен толтырылған көлемі 1000 литр 6 ыдыс, сондай-ақ, көлемі 5 литр 141 бөтелке, 5 қап қақпақ, құюға арналған құрылғылар тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу ісі қозғалды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk) 7 Окт 2020 в 8:23 PDT

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная