01 мамыр 2019 | 10:25

Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салған

Видеодан алынған кадр/"Алматы" телеарнасы

Қайғылы оқиға түнде Алматы облысы Қызыл-қайрат ауылында болған. Марқұм өз үйінің алдындағы электр сымына асылып қалған көрінеді. Отбасындағы жалғыз баланы мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қайғылы оқиға түнде Алматы облысы Қызыл-қайрат ауылында болған. Марқұм өз үйінің алдындағы электр сымына асылып қалған көрінеді. Отбасындағы жалғыз баланы мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  

Ол №19 мектеп-гимназиясында білім алған. Болған жайтты естіген ұстаздары да төбелерінен жай түскендей болып отыр. Олар баланың мектепте өте белсенді әрі алғыр болғанын айтады.

Реклама
Реклама

"Мұндайға барады деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті. Өйткені ол үлгілі оқушылардың бірі болатын. Мінезі жұмсақ, ақкөңіл, жауапкершілігі өте жоғары, басқалармен тіл табысу жағынан да өте жақсы еді. Оқушылармен ешқашан ренжіскен де емес", – дейді сынып жетекшісі Айдар Мамышев.

Ұстаздар мектепте әлімжеттік жоқ, сондықтан жеткіншектің теперіш көруі екіталай деп өздеріне шаң жуытпай отыр. Дегенмен марқұмның өлерінің алдында әке-шешесіне хат қалдырғаны белгілі болды. Қазір мән-жайды құзырлы орган қызметкерлері анықтап жатыр.

"Оқиға сәуірдің 30-на қараған түні болған. Жасөспірімнің өз-өзіне қол салу дерегі ресми тіркелді. Қайтыс болған баланың жақындарына жазып қалдырған хаты да бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, ювеналды полиция өз тарапынан осы дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр, - дейді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная