03 ақпан 2021 | 13:20

Алматы облысында әкім ұсталды

Ерекешев Серікжан. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Талғар ауданының әкімі пара алды деген күдікке ілінгеін айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Талғар ауданының әкімі пара алды деген күдікке ілінгеін айтты. 

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұстағаны хабарланған болатын. Шенеуніктер "мердігер ұйым директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені" айтылған.

Реклама
Реклама

"Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Соталды тергеудің өзге де деректері жария етілмейді", - деді агенттіктегілер.

Ал Алматы облысының әкімдігі ресми сауалымызға Серікжан Ерекешев қызметінен әлі босатылмағанын хабарлады.

Еске салайық, Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып былтыр тамыздың ортасында тағайындалған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная