ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қыркүйек 2019 | 14:11
Алматы облысында акциздік өнімдерді сатпақшы болған
Алматы облысында кәсіпкер акциздік маркалары жоқ Қырғызстандық темекі өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік акірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында кәсіпкер акциздік маркалары жоқ Қырғызстандық темекі өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік акірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылдың тамыз айының 28 жұлдызында, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары, рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Сарқан қаласындағы дүкендердің бірінде, акциздік өнімдердің заңсыз айналымы фактісін анықтаған болатын.
Атап айтқанда, Қырғыстан Республикасының темекі өнімдері: "FAST" маркалы темекісі - 55 қорап 1100 дана, "PRESTIGE" - маркалы темекісі - 70 қорап, 1400 дана, "MOND" маркалы темекісі - 26 қорап, 520 дана. Жалпы көлемі 151 қорап 3020 дана.
Аталған факті "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" ҚР 2003 жылғы 12 маусымдағы №439-II заңының бұзылуы болып табылады. ҚР ӘҚБтК-тің 283 бабының 2 бөліміне сәйкес акцизделетін өнімді акциздік таңбаларсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша, құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, әкімшілік жауапкершілік қаралған.
Әкімшілік құқық бұзушылық айғақтары бойынша мәтінделген құжаттар Сарқан аудандық сотына, әкімшілік шешім қабалдану үшін жолданды.
Показать комментарии
Читайте также