ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2020 | 17:03
Алматы облысында алаяқтар өзін өрт сөндіруші ретінде таныстырып жүрген
Алматы облысында өздерін өрт сөндірушілер ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында өздерін өрт сөндірушілер ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам мен әйел адам әрдайым бір қылмыстық схема бойынша әрекет еткен. Олар азық-түлік дүкендеріне тексеріспен келіп, онға жуық дүкен иесін алдап кеткен. Ескелді ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандағы ауылдардың бірінің 46 жастағы азық-түлік дүкен иесі екі белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы арызданған. Өздерін өртке қарсы қызмет қызметкерлері ретінде таныстырған күдіктілер алдау жолымен дүкен иесінің ақшалай қаражатын иемденіп кеткен.
"Қазіргі таңда жақын маңдағы ауылдардан тағы бірнеше алданған дүкен иелері анықталды. Алданғандар тізімі әлі де ұлғаюы мүмкін. Қылмыстық дуэт әрқашан бір схема бойынша әрекет еткен. Өздерін өртке қарсы қызмет қызметкерлері ретінде таныстырған күдіктілер, фотосуреттері мен мөрлері бар қызметтік куәліктерін зардап шегушілер нақты таныса алмайтындай көрсетіп, бірден тексеруге кірісіп, түрлі заң бұзушылықтарды таба бастаған. Кейбірінде өрт сөндіру құралдары болмаған, ал өзгелерінде өрт сөндіргіштердің мерзімі өтіп кеткен.
Олар тіпті пешпен жылыту орны ағаш конструкцияларының оттан қорғау құралдарымен сіңдірілмеуіне және одан өзге мәселелерге қатысты заң бұзушылықтарды тапқан. Содан кейін мәселені бейбіт түрде, хаттама жасамай шешуді ұсынып, жәбірленушілерді ақша беруге итермелеген. Қалағандарын алғаннан кейін олар өз бетімен кете барған, – дейді Алматы облысы Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Жанат Құдайбергенов.
Алаяқтарды анықтау үшін тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілер қысқа уақыт аралығында Алматы қаласының көшелерінен ұсталды.
Күдіктілердің Сарқан ауданының 35 жастағы және Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны екені анықталды. Олар Алматыда жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ұсталғандардың облыс аумағындағы басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также