ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2020 | 11:12
Алматы облысында апалы-сіңлілер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді
Алматы облысының апалы-сіңлілі екі тұрғыны пирамидалық чат ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының апалы-сіңлілі екі тұрғыны пирамидалық чат ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апалы-сіңлілі екі қыз салымшылардың капиталын көбейтуді сылтауратып, әлеуметтік желіде қаржылық пирамида чатын құрған, соның салдарынан пирамида салымшылары қаржыларынан қағылды.
"Қыздар әлеуметтік желілер арқылы қосымша табысқа мұқтаж қарапайым азаматтарды тапқан, сосын танысудан кейін олар капиталды көбейту бойынша ойластырылған тізбекті ұсынған.
Жәбірленушілермен сенімді қарым-қатынас орната отырып, олар ай сайын жоғары пайыздық мөлшерлемені алуды ұсынған, анығырақ айтсақ, алғашқы салым 100 мың теңгедені, бір айдан кейін олар 150 мың теңге етіп қайтаруға уәде берген", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Алайда ақша аударымынан кейін ешкімге қаражат қайтарылмаған және пайыздар туралы әңгіме де болмаған.
Екі күдіктіңнің әрекеттерінің салдарынан 76 адам зардап шеккен. Осы мақсатта жаңа қылмыстық эпизодтарды анықтау үшін күдіктілердің тұлғалары мен деректерін жария етудің қажеттілігі туындап отыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері осы адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алматы қаласы Медеу ауданының Полиция басқармасына 254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 телефондары арқылы хабарласуға шақырады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также