20 қаңтар 2020 16:24

Алматы облысында ауылдастар арасында қарулы жанжал шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Көктал ауылында атыс болды. Қарулы жанжал 16 қаңтарда ауылдағы екі топ арасында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысындағы Көктал ауылында атыс болды. Қарулы жанжал 16 қаңтарда ауылдағы екі топ арасында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға кезінде суық қару мен атыс қаруы қолданылған. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, сондай-ақ оқиға орнынан алыс емес жерде жергілікті 27 жастағы тұрғының мәйіті табылды. 

"Он шақты адам осы оқиғаға қатысқан, полиция олардың жеке басын анықтады, үшеуі қамауға алынды. Төртеуі ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Ауруханадағалардың біреуіне оқ тиген. Жедел іздестіру шаралары барысында тағы үш адам ұсталды, оларға қатысты аудандық сот қамауға алуға санкция берді.

Қажетті сараптамаларды тағайындау дерегі бойынша тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру", "Атыс қаруын қолданумен бұзақылық жасау", сондай-ақ "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу шаралары облыстық тергеу басқармасының өндірісіне қабылданып, Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер екі пышақ пен үш тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тәркілеген. Қарулар заттай дәйек ретінде іс материалдарына тігілген. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети