31 наурыз 2020 | 12:12

Алматы облысында белгісіз біреулер баламен серуендеуге шыққан келіншекті ұрлап әкетіп, ұрып-соққан

Фото:elements.envato.com

Алматы облысы Шелек ауылында белгісіз біреулер далаға үш жасар қызымен серуендеуге шыққан келіншекті ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Шелек ауылында белгісіз біреулер далаға үш жасар қызымен серуендеуге шыққан келіншекті ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 28 наурызда болған. 23 жастағы келіншек шамамен таңғы сағат 11-де далаға шыққан. Бір 

Реклама
Реклама

"Екі әйел келіншекті итеріп, көлікке мінгізіп, белгісіз жаққа алып кетті. Ал үш жасар қызды жолдың бойында қалдырып кеткен. Содан келіншекті көлікті ұрып-соғып, балағат сөздер айтқар. Екі әйелдің одан кек алғысы клегені анықталды. Зардап шеккен келіншек таныстарының біріне екі әйелдің бірінің жезөкшелерді басқаратынын айтқан", - делінген Facebook желісіндегі "Не Молчи" парақшасында.

Сондай-ақ, жарияланған жазбада жол бойында тұрған үш жасар қызды апасының көргені айтылады. Кейін ол қызын да іздей бастаған. Біраз уақыттан соң соққы көрген қыз үйіне жеткізілген. "Не Молчи" қорының мамандарының айтуынша, әлгі әйелдер оны бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Кейін оны үйіне жүргізуші әкелген.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, ол ми жарақатын алған. Әйел полицей шақырған.

"Қыз ауруханаға жеткізілді. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 28 наурызда зардап шеккен келіншектен арыз түскенін растады. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдікті ұсталды. Одан жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптама келіншек ауруханадан шыққан соң ғана жасалатынын айтылады", - делінген жазбада.

Алматы облыстық полиция департаменті тергеу жұмыстарын бақылауға алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная