Алматы облысында BMW үйге құлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:instagram.com/almaty_kris_p

Алматы облысында BMW X5 көлігі үйдің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында жарияланды.

Алматы облысында BMW X5 көлігі үйдің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында жарияланды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігінің қатысуымен болған жол апаты 24 мамырға қараған түні Іле ауданы, Боралдай ауылында болған.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші - 29 жастағы жергілікті тұрғын, ол көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кетті. Автокөлік жеке тұрғын үй ғимаратының төбесіне түсіп, газ құбырының доғасын зақымдады, сондай-ақ электр сымдары бар бағанды құлатты", - делінген хабарламада.

Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

"Құқық бұзушы ҚР ҚК 610-бабы "Көлiк құралын, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралы жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді полиция өкілі.

Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама